-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола полицейлері 4 жыл бұрын жасалған велосипед ұрлығын ашты

Ақмола полицейлері 4 жыл бұрын жасалған велосипед ұрлығын ашты

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылғы 3 тамызда Державинск қаласының тұрғыны полицияға белгісіз біреулердің кәмелетке толмаған баласының «Forward» велосипедін ұрлап әкеткенін айтып, арызданған. Сол кезде, жасөспірім Есіл өзенінің жағасында велосипедін қалдырып, өзі суда жүзуге кеткен. Осы сәтті пайдаланып, ұры велосипед көлігін иеленіп кеткен. Кейін белгілі болғандай, ол мас күйде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жарқайың АПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Державинск қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Күдікті қылмысын мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктіге «шақырғанда келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды», – деді ведомстводан.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости