Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола полицейлері ақша ұрлығының бетін ашты

Ақмола полицейлері ақша ұрлығының бетін ашты

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Степногорск қаласының полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғыннан ағымдағы жылдың 4 қарашасында белгісіз тұлға банктің мобильді қосымшасы арқылы еркін қол жеткізу жолымен 44867 теңге сомасына ақша ұрлағаны туралы өтініш келіп түсті. Ақмолалық оны жәрдемақыны шешіп алу кезінде білген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушімен көрші болып тұратын бұрын сотталмаған 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, өтініш беруші қолжетімді соманы тексеру үшін танысының телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан. Өз шотының жай-күйін тексергеннен кейін, жас жігіт банктік қосымшадан шықпай, телефонды танысына қайтарып берген.

Айта кету керек, өтініш берушінің бұған дейін телефоны болмаған. Кейінірек мобильді қосымшада Степногорск қаласының 20 жастағы тұрғынына ақша қаражатының түскені туралы хабарлама келген. Телефонында қолжетімділігі сақталған мобильді қосымшаның көмегімен ол досына шамамен 45 мың теңге сомасында ақша аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...