Полицейлер Ақмола облысының тұрғынына дене жарақатын салған күдіктіні ұстады. Жәбірленуші 10 күн жансақтау бөлімшесінде жатты.
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Зеренді АПБ кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухана медбикесінен 10 қарашада медициналық мекемеге келіп түскен 65 жастағы ер адамның «бет сүйегінің, төменгі жақтың сынуы» диагнозымен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-тергеу тобы ағымдағы жылдың 10 қарашасында спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу және туындаған жанжал барысында Ақмола облысының 50 жастағы тұрғыны қаза тапқан адамға дене жарақатын салғанын анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұл факт 106-баптың 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.