9.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
9.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚОҒАМАқмола полицейлері рейдтер барысында өңірдің су айдындарында балық аулау ережелерін еске салады

Ақмола полицейлері рейдтер барысында өңірдің су айдындарында балық аулау ережелерін еске салады

Ақмолалық полицейлер мен құтқарушылар өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде, оның барысында балық аулау және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы еске салады.

Кезекті алдын алу іс-шараларын полицейлер ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағасында ұйымдастырды.

Рейд барысында тәртіп сақшылары жағалауда балық аулаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Қопа көлінде заңсыз орнатылған Қытай өндірісінің синтетикалық желілерін тәркіледі.

“Жаппай балық аулау және өзендер мен су қоймаларының жағалауларын ластау, рұқсат етілмеген балық аулау және табиғи су қоймаларының жағалауларында тұрғындардың демалысын ұйымдастыру фактілерін анықтау мақсатында жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс – шаралар өткізеді”-деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Жалпы жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы “балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу” бойынша 159 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

“Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 255 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кету керек, су айдындарында әлі күнге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдердің көп болуы байқалады.

Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер мен құтқарушылар демалушыларға аймақтың су айдындарында жеті ересек пен бес баланың қаза болғаны және қайғылы оқиғалар туралы ақпарат берді, ал қала тұрғындарына судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы негізгі ақпарат жазылған буклеттер табыс етілді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости