Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын колледжде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ақмолалық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын колледжде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Щучье жоғары техникалық колледжі өңір үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жетекші оқу орындарының бірі. Колледжде төрт оқу ғимараты және екі студенттік жатақхана бар. Мұнда 16 мамандық бойынша 1000-нан астам студент білім алуда.

Бас ғимарат 1956 жылы пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде бұл ғимаратта күрделі жөндеу бір рет жүргізілді. Сонымен қатар, колледж директоры Шоқан Оразалин атап өткендей, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша басқа оқу ғимараттары мен екі жатақханада ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы бас ғимараттың ішкі бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу барысында жылыту, су құбыры, кәріз, желдету жүйелері ауыстырылады. Сондай-ақ, электр жабдықтары, өрт дабылы жаңартылады.

Жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталды. Оған 30-дан астам жұмысшы тартылған. Бүгінгі таңда жұмыстар толық қарқынмен жүргізілуде, мамандардың айтуынша 60% орындалған. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқталады.

«Қазірдің өзінде жылыту мен әрлеу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Қазір құрылысшылар су құбырымен айналысуда», – деді учаске бастығы Қуандық Еламанов.

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражатынан және «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы аясында облыстың 70-ке жуық білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...