Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмолалық полицейдің 6 жасар қызы көліктердің жануын болдырмады

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы көліктердің жануын болдырмады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында шамамен сағат 23:00-де Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының полиция полковнигі Серік Баймұқановтың Нұрия есімді 6 жасар қызы түнде ұйықтар  алдында терезеден Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданындағы тұрғын үй ауласында тұрған көліктің астынан ұшқындарды көріп қалды.

Бұл туралы қыз бірден әкесіне хабарлады, ол мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы біледі. Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу сұрап, өзі еш ойланбастан сыртқа шығады.

Өрт шыққан осы көліктің жанында басқа көлік құралдары тұрды. Ол іске қосылған дабыл дыбыстарымен автомобиль иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастады. Содан соң көлік иелерінен көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтінді. Келген жастармен бірге Серік Керімбайұлы өрт ошағын оқшаулауға кірісті. Осылайша, өрт сөндірушілер келгенше  қырағы қызының арқасында полиция полковнигі апаттың алдын алды.

Әрдайым сақ болу – полиция қызметкерлері үшін үйреншікті іс екендігін айта кету керек. Зейінділік және көмекке дайын болу — қазіргі заманғы полицейге қойылатын талаптардың бірі. Серік Керімбайұлы бұл қасиеттерге әлі мектепке дейінгі мекемеге баратын қызын да баулығаны қуантады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...