26.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
26.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021"Ақ жол" партиясының мүшесі Бақыт Смағұл Көкшетауда руханият өкілдерімен кездесті

“Ақ жол” партиясының мүшесі Бақыт Смағұл Көкшетауда руханият өкілдерімен кездесті

Сайлау науқаны бастау алғалы біраз ұжымдарды араладық. Көкшетау қаласындағы отыз жылдық тарихы бар «Әдебиет және өнер» музейінде болып, ұжыммен кездестім. Бұл осы өңірден шыққан әйгілі тұлғаларға қатысты жәдігерлер жинап, оны ғылыми тұрғыдан саралап, зерттеп жүрген бірден бір орталық саналады. Қазірдің өзінде мұнда он мыңнан аса жәдігер жинақталған екен.

Бұл жайлы музей директоры Нұрбек Нұралы ақпарат берген болатын. Ұжыммен кездесу барысында «Ақ жол» партиясының негізгі ұстанымдары жайлы әңгіме қозғалды. «Түбегейлі өзгеру» идеясы қалай бастау алуы керек? – деген ой төңірегінде сөйлеуге тырыстым.

Партияның екі бағыты – кәсіпкерлікті қолдау және ұлттық мүдде кеңінен сөз болды. Ұлттық мүдде болмай, экономика алға бастайды. Біздің Одақтарға кіріп, жатсақ та, оның ел эконоикасын, оның ішінде бизнес саласының дамуын тежеген тұстар бар. Қарапайым ғана жергілікті өнімді Ресей, Беларус елдерінің нарығына шығару кезінде қолбайлау тұстар жоқ емес. Мысалы, бір кәсіпкер азаматтың айтуынша, Ресейге шығарған өнімін шекара бекетінде бірнеше стандарттау талаптарынан кейін артқа алып қайтқан. Себебі, оның сапалы өнімі Еуразия кеңістігіне жайдан-жай өте салмайды екен.

Керісінше, әлгі өткізу бекетінде оған ол өнімді ресейлік кәсіпорынның өнімі ретінде өткізуге ұсыныс жасалады. Сұраған ақшасын да беретін болады.
Бұл экономикалық ықпалдасудың қандай күйде екенінің бір ғана мысалы. Ал, ұлттық идеологияда ше? Елдің бүгіні мен ертеңі ұлттық құндылықтармен айшықталуы тиіс. Әлихан бастаған Алаш идеясының астарында да осы жатыр. «Ақ жол» партиясы осы идеяны негізгі бағыты етіп алғаны да тегін емес.

Руханият өкілдерімен болған әңгіме көп жайдың астарына үңілді. Қал-қадіріміше, сонау тарихтың тұмшаланған беттеріне де ат ізін салдық. Елдің еңсесі биік болу үшін демократиялық үрдістерді батыл енгізу аса маңызды. Халық – биліктің негізгі бір арнасы. Әкімдер де жеке шенеуніктерге емес, халыққа қызмет етуі керек. Бұл біздің партиямыздың сайлауалды ұстанымы іспеттес.

…Музейге аяқ басқаннан бастап, ұлттық нақыш, салт-дәстүр сипаттары көңіліңе шуағын шашады. Кигіз үйдің толық қойылған макеті де жарасым тауып тұр. Іші кәдуілгі сақ пен ғұннан, кешегі Қазақ хандығы дәуірінен сыр шертетін ұлттық бұйымдармен көмкерілген. Бізге құтты көшпелі заманның Азат желі есіп тұрғандай әсер қалдырды.

Иә, біз тәуелсіз елміз. Тарихымыз да тереңде. Қазақтың жері мен тілі ең қастерлі ұғымдар саналады. Ел болып, еңсе көтеру үшін жеріміздің тұтастығын сақтап, тіліміздің мәртебесін көтеріп, шын қазақ болып өмір сүру қандай ғажап деген ой келді маған…

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости