23.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, August 13, 2022
23.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАntikor орталығында бизнес пен инвестицияларды қорғау тетіктері талқыланды

Аntikor орталығында бизнес пен инвестицияларды қорғау тетіктері талқыланды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында бизнестің мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға ерекше назар аударып, «мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек» деп атап өтті.

Осы тұрғыда, Көкшетау қаласының «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Kazakh Invest» АҚ филиалы, сондай-ақ облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерліктің негізгі проблемалық мәселелерін, «Protecting Business and Investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасы шеңберінде әкімшілік кедергілерді жою және өңірдің бизнес ахуалын жақсарту жолдарын талқылады.

«Біз бизнесті қолдауға және сыбайлас жемқорлық қысымынан мен әкімшілік кедергілерден қорғауға әрқашан дайынбыз, өз кезегінде, адал бизнес жүргізу – кез келген инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің басты шарты. Коронавирустық пандемия, әрине, кәсіпкерлік қызметтің дамуына әсер етті, әсіресе шағын және орта бизнес зардап шекті. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда жосықсыз лауазымды адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығы жоғары, бұл бизнеске теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау үшін «РВІ» жобасын іске асырудың заманауи тетіктерін әзірлейтін боламыз», – деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Талдау көрсеткендей, жоба аясында бизнес өкілдері жүгінетін проблемалық мәселелердің көпшілігі жер қатынастары, сәулет, құрылыс, инвесторлық визаны алу, сауда салаларына қатысты.

Бүгінгі таңда Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен 60 бизнес-жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 10 пайыз шетелдік инвесторлардың қатысуы. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 19 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді. Сонымен қатар, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы қылмыстық-құқықтық шаралармен шағын және орта бизнестің қызметіне заңсыз араласудың бірқатар фактілері жолын кесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости