Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАстраханАстрахан ауданының әкімі су тасқынын алдын алу жұмыстары туралы брифинг өткізді

Астрахан ауданының әкімі су тасқынын алдын алу жұмыстары туралы брифинг өткізді

Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов өңірде су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өткізді. Оның айтуынша, ағын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Астрахан ауданының аумағында су шәйіп кету қаупі бар 9 елді мекен анықталған.

«Аудан бойынша барлығы 87 мың текше метр қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап елді мекендердің ішінде 460 текше метр қар суы сорылды, су өткізу жүйелері тазартылды, су ағатын жыралар тазартылды», – деді Нұрлан Сейілов.

Жол картасы бойынша ескі Колутон ауылы мен Колутон станциясының жағалау сызығы бойындағы учаскелерде Колутон өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін автомобиль қатынасы үзілуі мүмкін елді мекендерден ауыр науқастарды, жүкті әйелдерді шығару бойынша жұмыстар алдын ала жүргізілді. Сондай-ақ, аталған елді мекендерге алдын ала азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Аса қауіпті учаскелердегі елді мекендерді су басу немесе оның қаупінің алдын алу мақсатында өзендер мен гидротехникалық құрылыстардағы су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер ұйымдастырылды», – деп толықтырды деді Нұрлан Сейілов.

Аудан әкімі атап өткендей, су тасқынына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...