Жұма, Сәуір 19, 2024
13.7 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАта-аналарға арналған 10 кеңес

Ата-аналарға арналған 10 кеңес

1.      Достарыңыздың балалары үнемі компьютер алдына отырады деп, өз балаңызды компьютерге отырғызуға болмайды. Шешімді бала өзі қабылдағаны дұрыс. Бәлкім таңдауы дұрысырақ, қажетірек болар.

2.      Бала компьютермен жаңа таныса бастаған кезде, іс-қимылына көңіл аударыңыз. Баланың жаңа қызығушылығына үнемі көңіл бөлу керек. Баланың компьютермен жұмыс жасаған барысындағы қиындықтарды шешуге көмектеседі.

3.      Баланың компьютермен қатынасының бірінші күнінен бастап белсенді функционалды дайындығына кірісіңіз.

4.      Бала тапсырмаларды қызықты ойын ретінде қабылдап, орындағанын қадағалаңыз және бұл ойында өзіңіз оның құрбысындай қызығушылық танытыңыз. Тек осы жолмен сіз жақсы шешім ала аласыз.

5.      Кейбір жаттығуларды жолда немесе серуендегенде талқылауға болады. Баланың есте сақтау қабілетіне, компьютерде жұмыс жасау дағдыларына, қимылдарына көңіл аударып, көмектесіңіз.

6.      Балаға арналған барлық жаттығуларды бірден беру қажет емес. Барлық жаттығулардың баланың деңгейіне сай екенін қадағалаңыз.

7.      Біздің беретін ойын, жаттығуларымызға ұқсас өз ойын, жаттығуларыңызды ойластырыңыз. Бұл баланың қызығушылығын оятады. Баламен бірге жаңа ойындар құрастырыңыз, бәлкім, оған өзінің құрған ойыны ұнар.

8.      Баланың қолынан бір көргеннен барлық жаттығулар келе бермейді. Баланың қолынан келмей жатса, ұрыспай, керісінше, неге солай болғанын сұрап, кішкентай оқушының рухын көтеріңіз.

9.      Баланың орындаған жаттығуларының нәтижесін, оның не істей алатынын, қай жерде қиындықтар туғанын жазатын дәптер бастаңыз. Баланың жеңістері, оның қандай белестерді бағындырғанын, нені үйренгені туралы көбірек әңгімелесіңіз.

10.  Баланы тездетпеңіз, оны басқа балалармен салыстырмаңыз! Ағзаның әр жұмысқа деген дайындығы өз келген уақытында ғана қалыптасады, міне компьютерде жұмыс жасау да соған байланысты. Балаңызды түсініп, қолдауға үйреніңіз.

 

Замира Бұрханқызы Құдабаева,

«Бота» шағын орталығы «Аққулар» ересек тобының тәрбиешісі.

Станционный кенті,

Көкшетау қаласы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...