12.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
12.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Ауған соғысы ардагерлерінің мәселесін партия бақылауына алды

Ауған соғысы ардагерлерінің мәселесін партия бақылауына алды

Тарих бетінде қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де, қырғынды күндердің елесі ардагерлердің әлі күнге дейін көз алдында. Себебі, олар соғыс жылдарын ұмыттыратындай мамыражай өмірге жете алмай отыр.

Заңды мәртебесі жоқ, әлеуметтік жағдайы қамтамасыз етілмеген. Бүгін бұл мәселе Nur Otan партиясының Ақмола облысы бойынша  Сайлауалды штабында қозғалды. Кездесуге келген Көкшетау қалалық мәслихаты мен  Ақмола облыстық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерін мазалаған біраз сұрақтарға жауап берді.

Дәрігер ретінде Ақмола облыстық мәслихатына үміткер Ерлан Аяғанов, Көкшетау қалалық мәслихатына үміткер Ғалия Сабатаева маңызды сұрақтарға жауап беруге тырысып, әр азаматтың мәселесін жеке бақылауына алды. Ауған  соғысы ардагерлерімен және Чернобыль апатының алдын алуға қатысқан көкшетаулық азаматтарды тегін дәрі-дәрмектің уақытылы берілмеуі, әсіресе жылдың басы мен аяғында  дәрі ала алмау мәселесі, тарифтердің жоғары болуы, үй кезегінің жылжымауы сияқты маңызды сұрақтар мазалайтындығын жеткізді.

Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Әсия Шәрімова ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар үшін арнайы категориямен қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүруге арнайы жол жүру билеті қарастырылғанын жеткізді.

Ашық дисскуссия форматында өткен жиын аталған мәселелерді түбегейлі шешпесе де, бірақ мәселенің басын ашып, атқарушы билікке жеткізер деген оймен аяқталды.

Nur Otan партиясынан депутаттыққа үміткерлер әр мәселені жеке бақылауына алып, жуық арады қарастыратындықтарын жеткізіп тарқасты.

  «Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости