8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиғаҚылмыс«Қауіпсіз жол»: бір күнде жол қозғалысы ережесінің 677 рет бұзылғаны анықталды

«Қауіпсіз жол»: бір күнде жол қозғалысы ережесінің 677 рет бұзылғаны анықталды

2020 жылғы 18-20 қараша аралығында патрульдік полиция жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істейді: республикада “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу және анықтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру.

Жедел алдын алу іс-шараларының бірінші күнінің қорытындысы бойынша Ақмола облысының полиция қызметкерлері облыстағы апаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзудың 677 фактісін анықтады. 11 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралдарын басқаруының 10 фактісі анықталды.
Анықталған бұзушылықтар қатарында жылдамдық режимін арттырудың 56 фактісі, 5 жүргізуші өз көлігін тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін, 67 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, 40 жүргізушіге қатысты көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін хаттама жасалды, маневр жасаудың 24 фактісі анықталды. 36 жүргізуші техникалық тексерудің болмағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір фактісін анықтады. Мамандандырылған тұраққа 18 авто-мото-көлік құралы орналастырылды.
Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше көңіл бөлінеді. Жедел алдын алу іс – шарасының бірінші күні 116 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости