Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңҚауіпсіз жол: өткен аптада Ақмола жолдарында полицейлер 3,6 мыңнан астам жол ережесі...

Қауіпсіз жол: өткен аптада Ақмола жолдарында полицейлер 3,6 мыңнан астам жол ережесі бұзушылықтарын анықтады

Сондай-ақ, оқыңыз...

19 шілде мен 18 тамыз аралығында полиция департаментінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді: бір ай ішінде өңірде «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Оның мақсаты-жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.
Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және патрульдік полиция жасақшаларының бірлескен күш-жігерімен аварияның алдын алудың басым бағыттары бойынша жұмыс жандандырылды: мас күйінде көлікті басқару, қозғалыс жылдамдығының белгіленген шегінен асып кетудің және басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолдану және ұялы телефонмен сөйлесу.

Жеті күннің қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыстағы апаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін 3 680-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, оның ішінде 62 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, 17 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде, жылдамдық режимін асыру бойынша 1741 факті, аталған бұзушылықтар «Ekin Patrol» кешенімен анықталды, 684 автокөлік иесі қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 44–і бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен. Тағы 18 жүргізуші өз көлігін тиісті рұқсатсыз заңсыз қайта жабдықтағаны үшін, 8 — і авариялық жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды, бір автокөлік жүргізушісіне қарсы жолға шыққаны үшін айыппұл салынды.

Жаяу жүргіншілердің белгіленген ережелерді сақтауы да ерекше назарда. Акцияның жеті күнінде 450-ден астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзып, өз өміріне қауіп төндірді, тағы 51 көлік иесі жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін жауапқа тартылды.

Анықталған бұзушылықтардың қатарында жалған немесе жасанды нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын басқарудың 17 фактісі және жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісі бар.

Өткен аптада полиция қызметкерлері 145 апатты-қауіпті жол учаскелерін тексерді, қосымша 13 жол белгілері орнатылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...