9.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
9.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚОҒАММедицинаАурудың алдын алу оңайырақ, сіреспеге қарсы қандай алдын алу шараларын есте сақтау...

Аурудың алдын алу оңайырақ, сіреспеге қарсы қандай алдын алу шараларын есте сақтау керек

Ақмола облысында сіреспе ауруы тіркелген жоқ. Облыста сіреспе бойынша қолайлы жағдай сіреспеге қарсы жыл сайынғы жоспарлы вакцинация есебінен қамтамасыз етілді.

Бірақ оның пайда болу қаупі үнемі бар. Спора түзетін сіреспе қоздырғышы барлық жерде кездеседі. Инфекция қоздыру қабілетін жоғалтпай көп жылдар бойы топырақта сақталады. Тіршілік процесінде адам жермен тығыз байланысты, күнделікті өмірде терінің зақымдалуы мүмкін.

Сіреспе – ол, жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Сіреспе бактериясы адамның ағзасына терінің тілінуі немесе жара арқылы түседі, бірақ шеге не жүздің терең жарақатынан аса жоғары қауіп төнеді. Сіреспенің бактериясы барлық жерде бар: оларды көбінесе жерде, шаңда және  қида табады. Сіреспенің таяқшасы кәдімгі зарасыздандыру заттарынан жойыла қоймайды, олар қайнатудан кейін де тірі болып қалады.

Сіреспенің бірінші өршігу симптомы өзін 5 тәуліктен кейін көрсетуі мүмкін. Жұқпаның инкубациондық кезені бір аптадан бір айды құрайды. Сіреспенің бастапқы кезеңінде ең алғашқы белгі жұқпаның кіру аумағында, кейбір жағдайда толықтай жазылып кеткен жараның созылмалы ауырсынуы байқалады. Сіреспе өршігуінің ең басты симаттамаларының бірі – бір уақытта бет бұлшық еттерінің тырысуы пайда болуы. Басында адам үнемі күлімсіреп тұрғандай болып көрінеді, алайда көрінген күлімсіреуге тырысу себепші болады. Егер өршігудің осы кезеңінде дәрігер көмегіне жүгінбесеңіз, келесі кезең – барлық қол  – аяқтан басқа дене бұлшық еттерінің тырысуы басталады.  Тырысу диафрагма бұлшық еттеріне тараған кезде адам жеңіл демала алмайды. Сондан кейін,  мойын бұлшық еттері тартылып баспа кезіндегідей тамақ ауыра бастайды, сол себепті көп адамдар баспаны емдей бастайды. Тұншығудан өліп кетпес үшін, бет бұлшық еттерінің бірінші тырысуы пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек, ол сіреспеге қарсы сары су егіп береді. Сіреспе негізінен ауыр түрінде жүреді және жоғары өлімге әкеледі.

Сіреспенің алдын алу – бұл активті иммундау немесе вакцинациялау.  Егу баланың  екі айлық өмірінен бастап (АбКДС – вакцинасы) кейінгі ревакцинация 18 айлығында және 6 жасында, ал содан кейін әр 10 жыл сайын  жүргізеді.

Кез келген жарақат және тері мен шырыштықабығының бүтіндігі бұзылған жарақат, II-IV дәрежедегі үсу және күйу, аңдардың қабуы, ішекке кіретін зақымдар, ауруханадан тыс түсіктер, медициналық мекемелерден тыс босану, гангрена және терінің некрозы болатын болса шұғыл түрде сіреспенің алдын алу сақтандыу сұлбасы бойынша  іс-әрекетті жүзеге асырады. Сіреспенің шұғыл иммунопрофилактикасын тез арада және сіреспе ауруы кезінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығын ескере отырып, жарақатты алған кезденбастап 20 дүніне дейін жүргізу қажет.

Аурудың алдын алу оңайырақ, сергек болыңыз және сіреспеге қарсы профилактикалық шараларды есте сақтаңыз.

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости