-16.9 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, November 30, 2022
-16.9 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021«Ауыл» партиясының өкілдері Астана электротехникалық зауыты ұжымымен жүздесті

«Ауыл» партиясының өкілдері Астана электротехникалық зауыты ұжымымен жүздесті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар Қ.Айтуғанов, Т. Рахымбеков және Т. Зейнуллин «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-де (бұрынғы Целинсельмаш) болып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен зауыт директоры А.Сыздықов депутаттыққа кандидаттарды зауыт жұмысымен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының барлық салалары үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Зауыт қызметкерлері алдында сөйлеген депутаттыққа кандидат Т.Рахымбеков «Ауыл» партиясы жұмысшылардың заңды құқықтарына ерекше назар аударатынын атап өтті.

Осыдан кейін «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары және Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешевпен кездесіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және сайлау үдерісіндегі бақылаушылардың рөлі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі, депутаттыққа кандидат Төлеутай Рахымбеков Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіз бірнеше қоғамдық институттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Отыз жылдан бері Федерация азаматтық қоғамның құқығын лайықты қорғап келеді және өзінің ерекше беделінің арқасында байқаушы ретінде сайлауға үнемі қатысып келеді.

Т.Рахымбековтың пікірінше, федерацияның өңірлердегі өкілділігінің жоғары деңгейі, оның объективтілігі мен мінсіз тәжірибесі сайлау учаскелерін барынша қоғамдық бақылаумен қамтуға мүмкіндігі барын, бұл электоратты белсенділікке ынталандыру үшін маңызды фактор екенін айтты.

Жалпы, Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешев хабарлағандай, дауыс беру барысын 7 мыңға жуық адам бақылайтын болады және олардың әрқайсысы сайлаушыларға мәжбүрлі түрде ықпал ету әрекеттерінің жолын кеседі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости