Жұма, Наурыз 29, 2024
1.3 C
Kokshetau
1 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАуылды көркейтіп, балалар денсаулығына баса назар аударамыз

Ауылды көркейтіп, балалар денсаулығына баса назар аударамыз

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында «Nur Otan» партиясы атынан 2021 жылы өтетін сайлауға үміткер ретінде қатысып отырған Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев пен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері, яғни мәдениет және өнер саласының өкілдерімен жүздесті.

Алдымен сөз алған Асқарбек Сиязбекұлы талай жылдан бері ауыл-аймақты басқарып, мол тәжірибе жинақтағанын және ауыл адамдарының шешімін күткен мәселелерін жақсы білетінін айтты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында кандидат ауылдық жерлерді ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, малға қажетті жемазықты уақытында жеткізіп беру, мектеп, балабақша салу және жергілікті емдеу мекемелерін коронавирусқа қарсы күресетін құрылғылармен жабдықтау жайын шешуді мақсат тұтады. Сондай-ақ, ауыл адамдарының рухани дамуы да аса маңызды. Осы күнге дейін Сандықтау ауданында 5 ауылдың клубтары күрделі жөндеуден өтіп, қирағандары қалыпқа келтірілген. Келесі жылы тағы 2 клуб жөнделетін болады.

Сонымен қатар тоқырау жылдары жылудан ажыратылған 2 қабатты ескі үйлердің тұрғындарының мәселесін шешу өзекті. Асқарбек Үйсінбаевтың айтуынша, жоспар бойынша 11 осындай үйлерді жылу жүйесіне қосу жоспарланып, қажетті құжаттары дайындалды. Енді бюджеттен ақша бөлінсе, келесі жылы бұл жұмыстар қолға алынады. Кандидат «Nur Otan» партиясы халықтың мұң-мұқтажына назар аударатын және үнемі шешімін табуға қолұшын созатын ұйым екенін алға тартып, алдағы сайлауда нақты істің басында жүрген ұйымға дауыс беруге шақырды.   Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев та «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп отыр. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында облыс орталығын көркейту, абаттандыру, жастардың ұйымдарын осы іске жұмылдыруға назар аударады.

Сонымен қатар басты шешімін күткен мәселе, денсаулығында кінәраты бар балалардың жағдайын шешу. Яғни, ол өзінің учаскесінде осындай баласы бар ата-аналардың қиналып жүргенін біледі. Сол себепті алдағы уақытта арнайы орталық ашқысы келеді. Ол орталықта денсаулығында кінараты бар балалар тәрбиеленетін болады. Сондай-ақ, Мәди Сағынтайұлы қаланың экологиялық мәселесін де шешуге ат салыспақ.

Сөзін түйіндей келе, кандидат халыққа қашанда ашық «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беріп, дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Облыстық және аумақтық сайлау комиссияларына барлығы 495 кандидат тіркелген. Әр кандидаттың жеке сайлау бағдарламасы бар. Барлық кандидаттар Праймериз – партияішілік іріктеуден лайықты өтті.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...