Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАвтожолдардың қысқы күтіп-ұстауы бақылауда

Автожолдардың қысқы күтіп-ұстауы бақылауда

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ақылы жолдарды енгізу және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық мәселелеріне арналған брифинг өтті. Оған жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облыстық филиалы мемлекеттік есепке алу және сапаны бақылау бөлімінің инженері Игорь Стефан қатысты.

Брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Темірханов және «Қазақавтодор» ЖШС облыстық филиалының директоры Нұрлан Смайылов «Көкшетау-Щучинск» және «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автожолдарында ақылы жолдарды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Спикерлер қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселелеріне бөлек тоқталды.
Өз кезегінде жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының облыстық филиалының инженері Игорь Стефан жол қозғалысының қауіпсіздігі мен асфальтбетон жабынының жай-күйіне байланысты автожолдарды қысқы күтіп ұстауға қойылатын талаптар туралы айтып берді.

«Автожолдар мен жол құрылыстарын қорғау бойынша дайындық іс-шаралары уақтылы жүргізілуі тиіс. Жол ұйымдары қазірдің өзінде көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етілуге тиісті, ал олардың техникасы жөнделіп, жарамды күйде тұрып және жанар-жағармай материалдарының қажетті көлемімен қамтамасыз етілуі керек. Автожолдар бойындағы қар ұстайтын қоршаулар да тиісті жағдайда болуы талап етіледі, әсірсе қатты қар басатын учаскілерді. Жолдарды қардан және қар құрсауынан уақытылы тазалау ерекше назарды талап етеді», – деп бөлісті өз сөзінде Игорь Стефан.

Филиал инженері асфальтбетон жабынының бұзылуына және деформациялануына жол бермеу үшін жолдарды дұрыс тазалаудың маңыздылығына да назар аударды. Игорь Стефан өз сөзінде жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының өңірлік филиалы автожолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылайтынын, проблемалық учаскелерге шығуды, жолдарды күзгі тексеруді, өндірістік базаларды дайындауды жүргізетінін атап өтті.

Жалпы, филиал мамандары қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстаудың барлық бағыттары бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
Жол активтері Ұлттық сапа орталығы

Ақмола облыстық филиалы
Баспасөз хатшысы: А.Әбутәліпов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...