-16.9 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, November 30, 2022
-16.9 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықҚазақстанда 5 151 науқас коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 5 151 науқас коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 151 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-5-151-naukas-koronavirustan-emdelip-zhatyr_a3691373

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости