Сенбі, Сәуір 20, 2024
24.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға жыл сайын өтініш...

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға жыл сайын өтініш беру тоқтатылды

Мүгедектігі бар адамдар мүгедектіктің барлық мерзіміне біррет aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы (бұданәрі – ӘҚП) арқылы қызметтер мен оңалту құралдарыналуға өтініш береді. Бұрынғы мемлекеттік сатып алу жүйесінде болған жыл сайын өтініш беру үрдіс іалынып тасталады.

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Жаңа редакциядағы бұйрық мемлекеттік бюджет есебінен ӘҚП арқылы оңалту құралдары мен қызметтерін алуды реттейді.

Сондай-ақ, құжатта жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын және ымдау тілі маманының қызмет көрсету парағын электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы әлеуметтік қызметтер порталында келісу мүмкіндігі регламенттелген.

Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды жеке таңдау қажеттілігін ескере отырып, бұйрықта олардың түрлері, медициналық көрсеткіштері және оларға қарсы көрсетілімдер жазылған.

Мысалы, егер бұрын оңалтудың жеке бағдарламасында (бұданәрі – ОЖБ) тек бөлме немесе серуен кресло-арбасын ұсынса, енді олардың саны 5-ке дейінартты (белсенді, көпфункциялы, электржетегі бар, қол, иінтіректі жетегі бар).

Бұдан басқа, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (бұданәрі – МӘС) өзгерістеренгізілді.

Түзетулердің негізгі мақсаты – ескірген құқық нормаларын жою үшін құжатты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкескелтіру. Атап айтқанда, «МӘС қорытындысы» және «Пациенттің/мүгедектің ОЖБ-сының медициналық бөлігі» нысандарының нөмірлері өзгертілді.

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушының медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша құжаттарды (мүгедектігі туралы анықтама, ОЖБ-дан үзінді көшірме, жалпы/кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама және т.б.) электрондық форматта ЭЦҚ немесе бірреттік парольді пайдалана отырып, eGov.kz Электрондық үкімет порталындағы «Жеке кабинет» арқылы алу мүмкіндігі бөлігінде норма енгізілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...