Сейсенбі, Сәуір 16, 2024
12.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстанда шетелдік студенттік ұйымдардың слеті өтеді

Қазақстанда шетелдік студенттік ұйымдардың слеті өтеді

Ауқымды іс-шараны ағымдағы жылдың қыркүйек айында  өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Республикада «Шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастарды жұмылдыру жөніндегі жобаларды іске асыру» жобасы іске асырыла бастады.
Оның басты мақсаты – шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастар арасында ел тағдырына деген патриоттық сезімді, ұлттық сана-сезімді, бірлік сезімін қалыптастыру. Жобаны іске асыру барысында шетелдік студенттік ұйымдардың слеті өткізіледі деп жоспарлануда.
«Қазақстанның студенттері білім алатын көптеген жоғары оқу орындарында қауымдастықтар, студенттік ұйымдар бар. Слет сол студенттердің қатысуымен өтеді. Біз іс-шараны қыркүйек айында онлайн және офлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Слет аясында біз сарапшыларды тарта отырып, тренингтер ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, біз оқуын тәмамдағалы жатқан студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Жәрмеңкеге шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа қабылдауға дайын қазақстандық үздік компаниялардың, кәсіпорындардың өкілдері шақырылады», – дейді»  «Бірге» ҚҚ басшысы Еркебұлан Күнтуған.
Гранттық жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...