-16.9 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, November 30, 2022
-16.9 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықҚАЖ мекемелерінде ұзақ мерзімді​ кездесулер тоқтатылды⠀⠀

ҚАЖ мекемелерінде ұзақ мерзімді​ кездесулер тоқтатылды⠀⠀

10 қарашадан бастап Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде ұзақ мерзімді кездесулерге қабылдауды тоқтатқанын хабарлайды.⠀

Бұл талап COVID-19 жұқпалы ауруымен байланысты қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, 5 облыста коронавирус жұқтырудың «сары» және «қызыл» аймақ деңгейінің жариялануына байланысты, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды вирус жұқтырудан сақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Осы ретте қысқа мерзімді кездесулер ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес берілетін болады.⠀

Мекемелерде «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген тәртіппен сотталғандар, оның ішінде күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар қорғаушылармен, туыстармен және өзге де адамдармен байланыс жасау үшін телефон және бейне қоңыраулар​ қарастырылған.⠀

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы ҚАЖ мекемелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесулерге уақытша тыйым салуды көздейтін байқау режимі енгізілді.⠀

Сонымен қатар, сәлемдемелерін қабылдау әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.⠀

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына сәйкес, елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы екенін ескертеміз.


ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости