Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайБай тарихы мен мәдениеті бар аймақ

Бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дамир Шоқанұлы Сұрағанов Атамекен ауылдық округінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сеніммен батыл қадамдарға барып, нақты істі халыққа керекті жобаны жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан «Nur Otan» партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан жұмыстары жеткілікті. Өзім педагог маман болғандықтан, ауданымыздың әрбір білімге құштар оқушысының сапалы білім алып, заманына сай тұлға болып қалыптасуы – бәріміздің яғни аға буынның басты парызы.

Бурабай төңірегі аңыз бен ақиқатқа толы екендігін барлығымыз да жақсы білеміз. Еліміздің көшбасшысы – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылды. Тәуелсіздік алғалы құдайға шүкір, экономикалық тұрғыдан табандылық танытып, жеткен жетістігіміз, алған асуымыз, шыққан биігіміз жетерлік. Оның барлығын санап, тізбектеп, тізе бермейік, елге, халыққа, жалпыға жақсы мәлім.

Атамекен ауылы ұлт пен ұлыстың басы қосылған, дастархандас, дәмдес, тұздас болып, айрандай ұйыған ел. Бұл ауылдан да талай мықтылар қанат қағып, білім алып, жоғары қызметте түрлі салада мамандығы бойынша ел игілігі үшін жұмыс атқарып жүр. Біздің аудан туризмдік орталық болғандықтан партияның басты бағыты «Ауданымызға инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларын барынша нәтижелі қылу, заманауи технологияларды енгізу, өнімділігі жоғары техникамен жабдықтап жарақтандыру, өндірістің жаңа түрлері арқылы даму». Бұл біздің нақты қадамға барып, батыл шешім шығара білетін «Nur Otan» партиясының назарында екендігін айтқым келеді,-деді өз сөзінде Дамир Шоқанұлы.

Жиын барысында депутаттықтан үміткерге сұрақтар қойылып, тұщымды, мағыналы жауаптар қайтарылды.

Елдің бір қалыпты дамуына себепкер болып, қиындықтардан алып шығуына ат салысып келе жатқан «Nur Otan» партиясына сенім білдіретіндіктерін айтып, жиналғандар алдағы сайлауда белсенділік танытамыз деп сендірді.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дамир Шоқанұлы бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ болып табылатын ауданымыз бұдан әрі жетістіктерге жетіп, Елбасының партиясымен бірге мәңгілік елге айналатындығын айтып, жиналғандарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...