Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыБас прокуратура жекелеген блогерлердің фейк-ақпараттарына қатысты үндеу жариялады

Бас прокуратура жекелеген блогерлердің фейк-ақпараттарына қатысты үндеу жариялады

ҚР Бас прокуратурасы танымал тұлғалардың ұсталғаны туралы жекелеген блогерлердің ақпаратына сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелеріне қатысты үндеу жариялады.

«Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте олар жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және әлеуметтік желі пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийімен қоса жүреді.

Жекелеген азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал тұлғаны ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда.

Мұндай фейк мәліметтер қоғамда жалған пікір қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі ықтимал.

Шынайлыққа сәйкес келмейтін осындай мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады.

Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру», – делінген үндеуде.

Бас прокуратура ескертіп өткендей, ұлттық алауыздықты қоздыруға, бопсалаушылыққа, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

«Осыған байланысты, ҚР Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады», – деді прокуратурадан.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...