Жұма, Наурыз 29, 2024
0.6 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАстраханБастысы - тұрақтылық, бейбітшілікті сақтау

Бастысы – тұрақтылық, бейбітшілікті сақтау

Астрахан ауданына қарасты тұрғындар санынан екінші орында тұрған Астрахан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Игорь Шеин Жалтыр ауылының тұрғындарымен ZOOM онлайн-платформасы арқылы үгіт кездесуін өткізді. Кездесу барысында кандидат еркін диалог түрінде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Игорь Шеин өз сіөзінде «Біздің «Nur Otan» партиямыз халықтың мүддесін білдіре қоймай, оның басты міндеті – адамдар үшін жақсы өмір сүру жағдайларын жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының бағдарламалық құжатының негізгі басымдықтарының бірі – әлеуметтік бағдарланған аудан. Партия азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың негізгі міндеттерін белгіледі. Әлемдік пандемия елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті. Сондықтан мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірлеп, қосымша жұмыс орындарын құруға қаражат бөлді. Ауданымызда бос жұмыс орындар ашылды. «Еңбек» бағдарламасын енгізу есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды. Егер жұмыссыздық болса, жұмыс істегісі келетін, зейнет жасына дейінгі адамдар жұмыспен қамту орталығына жүгініп, онда оларға өз ісін ашу үшін ақысыз негізде несие алу ұсынылады. Бұдан басқа, мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың аяққа тұрып, шағын және орта бизнес позицияларына орнығуы үшін субсидиялар бөледі. Сонымен қатар, халықтың барлық топтары үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі гранттар беріледі. Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастыру практикасы жалғасатын болады.

Еліміздің жастары әрқашан партия мен мемлекеттің назарында. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жас отбасыларды тұрғын үймен, лайықты жалақымен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету міндеттері қойылып отыр. Жастар – еліміздің болашағы және біз, ел дамуының қозғаушы күші болуға және оның өркендеуіне қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Партияның басты жетістігі – тұрақтылық, бейбітшілікті сақтау және халықтың әл-ауқаты.

Бірге жаңа жеңістерге жетейік! Сынақтардан өтіп, барлығын бірге жеңеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...