Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
11.9 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемБельгияда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші болып Қарттар үйлеріне жеткізіледі

Бельгияда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші болып Қарттар үйлеріне жеткізіледі

Бельгияда 2020 жылғы 28 желтоқсаннан бастап халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады. Алғашқы мақұлданған антидот Pfizer және BioNTech әзірлеген препарат болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Вакцинация Валлония, Брюссель және Фландрияда орналасқан 3 Қарттар үйінде, сондай-ақ немістілді қауым мекемелерінің бірінде жүргізіледі. Бұл ретте Пуурс жеріндегі (Антверпен провинциясы) Қарттар үйіндегі егде жастағы адамдар мен медицина қызметкерлері вакцинаны алғашқы болып алмақ. Дәл осы Пуурста Pfizer-BioNTech вакцина өндірісі бойынша әлемдегі екі зауыттың бірі орналасқан. Дүйсенбі күні Еуропалық комиссия Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын ресми түрде мақұлдады.

«Біз еуропалықтар үшін Covid-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны қолжетімді ету арқылы Еуропа жетістіктерінің тарихына маңызды тарау қосамыз», – деп мәлімдеді Еурокомиссияның басшысы Урсула вон дер Ляйен.

«Біз уәде еткендей, вакцина ЕО-ның барлық елі үшін қолжетімді болады», – деп атап өтті ол.

Автор: Арнұр Рахымбеков

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...