Жұма, Наурыз 29, 2024
1.9 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарСұхбатБерген Беспалинов: Цифрландыру – әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу жолы

Берген Беспалинов: Цифрландыру – әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу жолы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалинов өңірде халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың тиімділігі неде және жалпы өңірлік деңгейде бұл қалай іске асырылып жатыр? Цифрлық дамуды қоғамның барлық санаттары оңай қабылдап жатыр ма?

Бүгінгі таңда күллі әлем күн санап цифрландыру заманына көшуде. Халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, қағазбастылық пен сөзбұйдаға салуды және қажеті жоқ артық рәсімдерді жою, үздік цифрлық технологияларды енгізу, бизнес-процесстерді автоматтандыру кеңінен жүргізілуде.

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы қаласында өткен «Digital Almaty» жыл сайынғы форумында еліміздегі интернет желісін пайдаланушылардың мөлшері 15 миллионнан асқанын мәлімдеді. Бұған дейін Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстан халқының шамамен 80 пайызы интернетті қолданатынын растады.

Цифрландыру бағытында Ақмола облысы да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Облыста мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы азайды. Азаматтардың Egov.kz порталы мен оның басқа сервистері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық порталдары арқылы электронды түрде қызмет алуға өтініш білдіру саны артты. Мәселен, 2020 жылы мемлекеттік органдар 6 млн. 342 918 мемлекеттік қызмет көрсетсе, олардың 5 млн. 938 296 немесе 94,8 пайыз электронды түрде ұсынылған. 2019 жылмен салыстырғанда электронды түрде көрсетілген қызметтер мөлшері 9,3 пайыз артып отыр.

Біз үшін цифрландыру – электронды қызметтердің саны мен сапасын арттырумен ғана тындырылатын іс емес. Ол сондай ақ халықтың барлық топтарын, оның ішінде жасы үлкен кісілерді, мүгедектерді, мүмкіндіктері шектеулі, не болмаса денсаулық жағдайына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға қиналатын азаматтарды электронды тәсілмен қызмет алуға үйрету, яғни цифрлық сауаттылығын арттыру.

Мысалға, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының мамандары осындай азаматтармен кездесіп, электрондық-цифрлық қолтаңбаны алуға, мобильді азаматтар базасында қашықтықтан тіркелуге, түрлі анықтамалар алуға және т.б. қызмет түрлеріне қол жеткізуге көмек көрсетеді. Бұл халықтың осындай осал топтарының қызметтерді электронды түрде алу мақсатында түрлі мекемелерге бару қажеттілігін жояды, оған қоса уақыт пен қаражат шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Осындай үйрету сабақтарына мұқтаж азаматтар 8 (716 2) 51 81 33 телефоны арқылы хабарласып, кездесуге жазыла алады.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырудан басқа, олармен қандай жұмыстар жүргізіледі?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті. Әрине, осы орайда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Жоғарыда айтып өткендей, олар тек қана мүгедектер емес, сонымен қатар жасы үлкен, не болмаса денсаулық жағдайлары нашар адамдар. Біздің міндетіміз, олардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда, мекемелерде, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетудің қолайлы жағдайларының жасалуын қадағалау.

Департамент тарапынан осы мақсатпен үнемі қоғамдық бақылау шараларын ұйымдастырып отырады. Мысалы, «ШАНС» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Л.Шиманскиймен бірлесіп, қоғамдық мониторингтер жиі жүргізіледі. Мониторинг барысында арбамен жүретін мүгедектер, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін тиісті жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Ғимараттарда пандустар, шақыру бастырмалары, арнайы тұрақ және жеңілдікті терезелері міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Жуынатын бөлмелер болса арнайы жабдықталуы тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылған стендтер үнемі өзектендіріліп отыруы тиіс.

Жалпы, облыс бойынша көптеген қызмет көрсету мекемелерінің осы талаптарды сақтайтынын айтып өткен жөн. Алайда, жуырда білім беру ұйымдарында жүргізілген кезекті қоғамдық мониторинг нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, кейбір ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автокөліктерін қоятын арнайы белгілер жоқ, мамандарды шақыру батырмалары жұмыс істемейді, санитарлық тораптар арнайы жабдықпен қамтамасыз етілмеген, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат орналастырылмаған. Бұл бұзушылықтар департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралып, оларды жоюға бағытталған тиісті ұсынымдар енгізілді.

Азаматтар шағымдары туындаған жағдайда «Цифрлық Агент» мобильді қосымшасы арқылы шағым білдіре алады, не болмаса Департаментке Egov.kz арқылы өтініш жібере алады.

Жалпы қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар жиі түсе ме?

Өз қызметімізде азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға ерекше ден қоямыз. Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеуде. Мысалы, 2019 жылы азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы көрсеткіш 20-ны құраған.

Азаматтарымыз өздерінің құқықтарын қорғау үшін өтініштерді мемлекеттік органның кеңсесі арқылы тапсырудан гөрі «Электрондық үкімет» веб-порталының электрондық өтініштер сервисін пайдаланған ыңғайлы екенін түсініп жатыр.

Атап айтқанда, 2020 жылы мемлекеттік қызмет сапасына қатысты Департаментке келіп түскен 38 өтініштің 27 немесе 71 пайызы электрондық нысанда түскен. Яғни, бұл көрсеткіш халқымыздың цифрлық дағдыларымен қатар құқықтық сауаттылығы жоғары екендігін растайды.

Департамент қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан бұрын, олардың алдын алуға да көп көңіл бөледі. Өткен жылы осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша 332 іс-шара ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері едәуір төмендеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны азайды.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсеңділігін қажет етеді.

Бүгінгі күні пандемиялық жағдай мемлекет тарапынан реттелетін көптеген салаға өз әсерін тигізгені анық. Алайда, құқық бұзуушылықтар мен шағымдар мөлшерінің азаюы күрделі кезеңге қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өз қызмет тәсілдерін ауыстыра отырып, халыққа қызмет көрсетуді электрондық тәсілге көшіру бойынша тиісті шаралар қолданғанының нәтижесі.

Осы іспеттес шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын реттеп, оның тұтынушыға бағдарлану деңгейін арттырып, тұрғындарға барынша оңтайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...