Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau
24 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауБіз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

Біз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

Әлемдік пандемия елдегі тұрақты экономикаға, дәстүрлі өмір сүру форматына тікелей әсер етті. Осыған орай үкімет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.

«Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Biz birgemiz» акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 525 отбасына азық – түлік қоржынын жеткізіп, 469 адам 50000 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Дамудың 7 басымдығын алға тарта отырып, кәсіпкерлерді қолдау бөлімінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 49 кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Ерейментау аграрлық және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы өңір. Ауданымызда бірқатар наубайхана кәсіпорны бар. Наубайхана да нәпәқасын тауып жүрген жандар өте көп. Бұның өзі біршама азаматты жұмыспен қамту болып табылады. Дәл осы наубайхана жұмысшыларымен партия мүшесі – Калиев Талғат Асылханұлы жүздесіп, алдағы орындалатын жұмыстың ретімен таныстырып өтті.

Талғат Асылханұлы жұмыс орнын аралап, әрбір жұмысшымен жеке сұхбаттасып өтініштері ескерусіз қалмайды деп сендірді. Ал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер – Абжиков Медеу Ерболұлы Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

Ауданның қауіпсіздігі – төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. Медеу Ерболұлы бөлімшенің ішін аралап, құтқару көліктерімен, құрал – жабдықтардың сапасын қадағалап қайтты.
Партия шалғайдағы мекендерді қараусыз қалдырмайды.

Құрметті жерлестер, болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыздар «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!

Ақмола облысы Ерейментау ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді»

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...