Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлБізді бір мақсат біріктіреді – әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсарту!

Бізді бір мақсат біріктіреді – әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсарту!

Ақкөл ауданы маслихатының депутаттығына үміткер Нурбол Зурканаев «Урюпинка» АПҰ мүшелерімен үгіт – насихат жиналысын өткізді. Сайлаушылармен тікелей диалог халықты алаңдататын мәселелерді өз көзінмен көруге және анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі бағытталған тапсырмалар негізінде Сайлауалды бағдарламаны құруға көмектесті, «Nur Otan» партиясы дәл солай жасады.

Халықты алаңдататын мәселелерге сүйеніп, 7 негізгі бағыттардан тұратын партияның Сайлауалды бағдарламасы құрылды. Бүгінгі күні азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелердің шімін және бастамалардың алға жылжуын күтуде. Нақты сол үшін партиямен негізгі Бағдарламадан тыс аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, 216 облыстық, аудандық және қалалық бағдарлама құрылды, онда барлық өзекті мәселелер қамтылған.

БІЗДІ БІР МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ – ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН ЖАҚСАРТУ! «Nur Otan» партиясының бағдарлары – экономика салаларының бағыттарын дамыту экономикалық тұрақтылық: өндірістер, АПК, құрылыс және туризм, тұрғындардың өмір деңгейін көтеру. «Nur Otan» партиясы «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының жүзеге асуына ат салысады, олар елді мекендерді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге, жол – көлік инфрақұрылымын жаңартуға, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа, сонымен қатар ауданда жайлы экономикалық ортаны сақтауға бағытталған.

– «Партия барлық күшін аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеруге бағыттай отырып, білім берудің, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік саланың, мәдениет пен спорттың сапалы қызметтеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Жас ұрпақ біздің мемлекетіміздің стратегиялық қозғалтқышы болуы тиіс. Жастар – Мемлекетіміздің болашағы. Жастармен жұмыс істеуде екпін әлуметтік лифтлерді құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселелерінің шешіміне, жұмыспен қамтуға, білім беруге қойылады. Ауданның табысты дамуының кілті, мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріктірілген азаматтардың белсенділігі.

Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың негізгі принциптері ашықтық пен жемқорлыққа қарсы күрес болуы керек. Ақкөл ауданы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіздікте сезінетін аудан болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыру үшін, төтенше жағдайды жоюға, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін

арттыру үшін ат салысады. Партия барлығы үшін ашық! Біз Сіздердің конструктивті ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және біз бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! «Nur Otan» партиясына дауыс бер – дұрыс таңдау жаса!» – деп, Нурбол Зулкарнев өз сөзінде екпін жасады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ақкөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...