Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЖарқайыңБизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Бизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.С Балпан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол «Кристалл» сауда үйінің иесі Виталий Александрович Пасынковпен кездесті. Дүкен иелерімен және келушілерімен кездесуде өңірді дамыту, өзекті мәселелерді шешу жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар, қатысушыларды «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын таратып, жарқайыңдықтарды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

15 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Сағатұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Қ Әлжанов «Нұр Отан» аудандық филиалының тұғырнамасында бизнес өкілдерімен кездесті.

Ауданда шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болады.

Ауданда кәсіпкерлік секторы белсенді дамуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15% – ға, шағын және орта бизнестің облыстың жалпы өңірлік өніміне үлесі 6% – дан 10% – ға өсті.

Кәсіпкерлерді одан әрі қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы:

кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану

Бизнестің жол картасы 2025 » бағдарламасы шеңберінде»;

жыл сайын 30 мемлекеттік грант бөлу және «Еңбек» бағдарламасы бойынша»;

2025 жылға дейін «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту, өз ісін ашу және кеңейту бойынша 20 жобаны іске асыру жоспарлануда»;

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 100 адам;

«қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жыл сайын кемінде 2 кәсіпкерлерге жеңілдікті кредиттер беру»;

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 1,5 мың бірлікке дейін (01.01.2020 ж. – 1199 бірлік), ШОБ – та жұмыс істейтіндердің санын – 4,5 мың адамға дейін (2019 ж. – 3,6 мың адам); өнім шығаруды – 20 млрд. теңгеге дейін (2019 ж. – 15,7 млрд. теңге) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында үміткерлер бизнес өкілдеріне 2021 жылдың 10 қаңтарында «Нұр Отан»партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan»партиясының Ақмола облысы Жарқайың ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...