14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауЧехиялық делегация жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Чехиялық делегация жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Рудольф Гиклмен кездесті, оған облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов қатысты.

Чех делегациясының өкілдері сапар аясында біздің өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысты. Делегация «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру өндірісіне, «МПК Бижан» ЖШС ет өңдеу компаниясына және «Agrimer Astyk» ЖШС бидайдың қатты сорттарынан ұн өндіру кәсіпорнына барды.

Елші Ақмола өңірінің агроөнеркәсіптік кешенінің даму әлеуетіне жоғары баға беріп, ауыл шаруашылығындағы, электр энергетикасындағы жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде, облыс әкімі Ермек Маржыпаев екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және жақын арада бірлескен кездесулерді ұйымдастыруға дайын екенін айтты.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости