Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауДепутаттыққа үміткер "Есіктен есікке" акциясына қатысуда

Депутаттыққа үміткер «Есіктен есікке» акциясына қатысуда

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттылығына үміткерлер сайлауалды науқан жұмыстарын қызу жалғастыруда. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттылығына үміткер Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы жүргізді.

Сапар Ибрагимұлы-партияның белсенді мүшесі, Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінің директоры. Басшы лауазымымен қатар, қоғамдық жұмыстардың басы қасында жүретін азаматтардың бірі. Сапар Ибрагимұлы тұрғындармен жиі кездесіп, сайлаудың еліміз үшін қажеттілігін түсіндіріп, елінің дамуына ат салысуда еңбек ететінін айтып өтті.

«Бала-өмірдің сәні демекші», Сапар Ибрагимұлы мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балақайларға жаңа жылдық мереке сыйлауға тырысады. Партияның сайлауалды бағдарламасында аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар ерекше назарда болатындығы айтылған.

Сапар Ибрагимұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында әрбір аудан тұрғынына «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және атқарылатын істері жайлы баяндады. Ауданымыздың туризім саласына да айырықша басымдылық көрсету партияның алға қойған мақсатының бірі деп айтып өтті.

«Мен туып өскен өлкемнің әрбір азаматының лайықты өмір сүруін қалаймын. «Nur Otan» партиясы атынан депутаттылыққа үміткер болуымның басты себебінің бірі-еліме адал қызмет ету. Сондықтан да болашағымыз жарқын болғанын қаласаңыз, «Nur Otan» партиясы үшін дауыс беріңіз»-деп сөзін түйіндеді.

«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...