-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықЕлордада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Елордада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Елордада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жәрмеңкеге Ақмола облысынан 435 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкелдік. Соның ішінде 75 тонна ет өнімі, 35 тонна сүт өнімі, 3,5 тонна балық, 40 тоннадан астам ұн, 150 тонна жеміс-жидек әкелдік. Ең бастысы – өнім бағалы нарық бағасынан 15-20% арзан. Мысалы, еттің бір келісі 1800 теңгеден аспайды. Сүт бағасы 200 теңге», – дейді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов.

Кәсіпорындар барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай жұмыс істеуде. Әр павильонда антисептик бар және сатушылар тауарларды жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып сатуда.

«Жәрмеңкеге құс фабрикасы, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың, елімізге танымал «АстанаӨнім« АҚ, «Нәтиже« ЖШС, «Бижан« ЖШС ЕӨЗ, «Красноярские колбасы« ЖШС, «Айбат« ЖШС сияқты бренд өнімдері әкелінді», – дейді ол.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/elordada-akmola-oblysy-auyl-sharuashylygy-onimderinin-zharmenkesi-otip-zhatyr_a3699207

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости