Жұма, Сәуір 19, 2024
15.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемЕуроодақ елшілері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады

Еуроодақ елшілері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады

Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін мақұлдады. Бұл пакет, атап айтқанда, жеке тұлғалар мен қаржы институттарына қатысты шектеулерді, сондай-ақ Ресейден көмір әкелуге және жоғары технологиялық тауарлар жеткізуге эмбарго жариялауды қарастырады.

Тиісті шешім бейсенбі күні Францияның Еуроодақ төрағалығының Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейге қарсы өте маңызды шаралар пакеті санкцияларды жаңа салаларға салады. Атап өткенде, біз бірнеше ресейлік банктердің активтерін бұғаттау, Ресейден көмір импорттауға тыйым салу, Ресейге қарсы қару эмбаргосы, Ресейге жоғары технологиялық тауарларды экспорттауға тыйым салу туралы айтып отырмыз», – делінген мәлімдемеде.

Тыйым салынған экспорттық тауарлардың көлемі 10 млрд еуроға бағаланады, ал «шикізат пен маңызды материалдардың» импортына қойылған шектеулер 5,5 млрд еуроны құрайтын тауарларға әсер етеді. Сонымен қатар, Ресей туымен жүзетін кемелерге Еуропа елдерінің порттарына кіруге тыйым салынады, ал Ресей Федерациясы мен Беларусьтің көлік компаниялары енді Еуроодақ аумағында жұмыс істей алмайды.

Мәлімдемеде ресейлік кәсіпкерлер мен «насихатшыларға» қатысты жаңа шектеулер бөлек жазылған. Санкциялар Ресей Қарулы Күштерінің Украинадағы арнайы әскери операциясына байланысты қауіпсіздік қызметі, әскерилер және өнеркәсіп пен технологиялық секторлардағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне де қатысты.

«ЕО Кеңесі аталған шаралар пакетін жазбаша рәсімнің бөлігі аясында қабылдайды және ертең (8 сәуір – ТАСС) ЕО ресми журналында жариялануы тиіс», делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО-ның талқыланып жатқан санкцияларының бесінші пакетіне кірмейтіні, бірақ Еуроодақ сыртқы істер министрлері оны 11 сәуірде қарастыратыны туралы хабарланған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...