Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемFacebook компаниясы әлеуметтік желілердегі ақаудан 50 млрд доллар жоғалтты

Facebook компаниясы әлеуметтік желілердегі ақаудан 50 млрд доллар жоғалтты

Facebook басшысы Марк Цукерберг Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger жұмысындағы ақауларға қатысты кешірім сұрады. Бұған желі қолданушыларының реакциясы әртүрлі болды.

Кейбір адамдар Цукербегтің кешіріміне сенбесе, екіншілері оны келемеждеді. Әлеужелілер ақауынан ләззат алғандар да табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dailymail-ге сілтеме жасап.

«Facebook, Instagram, WhatsApp пен Messenger қазіргі кезде қайта іске қосылды. Бүгінгі жағдай бойынша кешірім сұраймын. Біздің серверлердің сіздер үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз», – деді Цукерберг.

Бұл техникалық ақау салдарынан Цукербергтің дәулеті 7 миллиард долларға кеміген. Компанияның хабарлауынша, ақау жаңарту салдарынан болған. Қателіктері бар жаңарту негізгі серверлерге жіберілген.

Салдарынан электронды инженерлік құралдар мен ақпарат алмасатын сервистер зақымданып, тіпті есіктердегі электронды кұлыптар істен шыққан. Инженерлер серверлерді қолмен ретке келтіру үшін деректерді сақтау және өңдеу орталықтарына барған, алайда ішіне кіре алмаған.

Мәселен, инженерлердің компанияның инфрақұрылымымен жүргізген алты сағаттық арпалысынан кейін барып шешілді. Инсайдердің ақпаратына сай, компанияның көптеген қызметкері әлі де үйден жұмыс істеп отыр.

Сол себепті олардың орталықтарға жетуі біраз уақыт алған. Осы орайда Facebook компаниясының акциялары бес пайызға төмендеді. Миллиондаған қолданушы Reddit пен Twitter-ге көшті.

Дүйсенбі күні компания деректерді сақтау және өңдеу орталықтары арасындағы желілік трафикті үйлестіретін негізгі бағдарлауыштар конфигурациясындағы өзгерістің аталған жағдайға себепші болғанын түсіндірді. Орталықтар арасындағы сатылы эффект салдарынан серверлер жұмысы тоқтаған. Ақау компания серверлерін қолмен ретке келтіру арқылы жөнделді. Кеше, дүйсенбі күні компания өзінің Twitter аккаунтында жұмыстары Facebook компаниясымен байланысты әлемдегі барлық адамдар мен бизнестен кешірім сұрады.

Сонымен қатар, Facebook компаниясының бас техникалық директоры кешірім сұрады. Компания осы жағдайдан 50 миллиард доллар жоғалтқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...