Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
8.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіГаухар Баймендина: Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Гаухар Баймендина: Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Балалар санының көптігіне қарамастан балабақшада балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.  Сондай- ақ оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге балабақшада барлық жағдайлар жасалынып келеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдары да жеткілікті.

Балабақшада балалардың денсаулығына, жан-жақты дамуына нақты көңіл бөлінеді. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп отырады. Әр топта оқу іс-әрекеттері мемлекеттік стандартқаға  сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі.

Біздің  «Бота»  шағын орталығымызда 10 педагог және штатқа сай қызметкерлер  қызмет етеді, 2  тобымыз бар , ортаңғы және ересек. Жоспарға сәйкес бала саны 50, бірақ қазырғы таңда елімізде болып жатқан індетке байланысты, санитарлық ережелерді сақтап  кезекші топтар құрылып  15 баладан артық қабылданып жатқан жоқ. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар  орыс тілі пәні оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залымыз бар. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз.

Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған.

Шағын орталығымыз, қала көлемінде онлайн  ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес.  Жүлделі орындарға, белсенді қатысқандарымызға  алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді.  Елдің ертеңгі тірегі –балдырған-дырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балабақша балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз – бұл біздің өмір жолымыз. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің «Бота» шағын орталығымыз  жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.

Сонымен қатар, меңгерушінің қызметін атқарып жатқан  Кулболдина Гүлсара Серікбайқызының да орталығымыз үшін қосып жатқан үлесі аз емес. Ойын орталықтарына жаңа жиhаздар, бүлдіршіндерімізге қызықты етіп  мультфильм кейіпкерлері  кездесетін перделер т.б. дүниелер  жанартылды. Ұжымымыз да ол кісіні сыйлап, жұмысына тәнтіміз.

Балабақшаның жүрегі – музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш силауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі – балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады.

Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік – өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері.Біздер балаға қиындығы мен қарама – қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз – махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.

Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны. Сондықтан да күн сайын «Бота» шағын орталығы   өзінің кішкентай ұл, қыздарына есігін мейіріммен  айқара ашады.

Гаухар Қайырғожақызы Баймендина,

«Бота» шағын орталығының  тәрбиешісі.

Станционный кенті,

Көкшетау қаласы.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...