-26.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-26.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықҚХП-ның өкілдері ақмолалық дәрігерлермен кездесті

ҚХП-ның өкілдері ақмолалық дәрігерлермен кездесті

Бүгін Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда партия бағдарламасының тезистері түсіндірілді. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктеріне басымдық берілген ҚХП-ның сайлауалды жобасы таныстырылды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов қатысты. Кездесуде аурухананы техникалық жабдықтау, медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі, қызметкерлердің жалақысы, біліктілік талаптары, дәрігерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді арттыру мәселелері көтерілді. Спикерлер шара барысында ұжым өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді. Медицина қызметкерлері ҚХП-ның сайлауалды жобасын тыңдады. Кездесу Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. ҚХП-ның сайлау алдындағы жұмысы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. Сондай-ақ Талдықорған қаласында да Қазақстан Халық партиясының кандидаттары өңір сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде партияның, оның депутаттық фракциясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, негізгі бағыттары түсіндірілді. Сайлаушылармен болған кездесуде партияның әлеуметтік әділетті қоғам құру үшін жариялаған мақсаттары назарға алынды. Кездесуге түрлі әлеуметтік топтардың, түрлі саланың өкілдері жиналды. Олардың қатарында жастар да, аға буын өкілдері де бар. Ашық диалогта сайлаушылар өз сұрақтарын қойды. Кандидаттар оларға толық жауап берді.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚХП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ерлан Смайлов, ҚХП Алматы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сәуле Биғарова қатысты.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости