14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӘЛЕМИталияда Помпеи қаласы маңынан ежелгі заманғы күйме табылды

Италияда Помпеи қаласы маңынан ежелгі заманғы күйме табылды

Италиядағы ежелгі Помпеи маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде салтанатты рәсімдерге арналған үлкен күйме табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Оны бұған дейін үш жылқының қаңқасы шыққан атқораның орнынан тапқан.

Төрт дөңгелегі бар темір және қола әшекейлермен безендірілген бұл күйме тек мерекелер мен шерулерде пайдаланылған деп есептейді ғалымдар. Олардың ресми хабарламасында құнды олжаның сол қалпында сақталғандығы айтылған.

Помпеи тарихи саябағының директоры Массимо Осаннаның сөзіне қарағанда, Италия аумағында мұндай күйме бұрын-соңды болмаған. «Оны 15 жыл бұрын Грекия солтүстігіндегі Фракия аумағында табылған құнды жәдігерлермен ғана салысытуға болады», – дейді Осанна.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости