Сейсенбі, Сәуір 16, 2024
14.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауҚиындықты бірге еңсереміз!

Қиындықты бірге еңсереміз!

 «Nur Otan» партиясының облыстық және Көкшетау қалалық  филиалдары атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақыру мақсатында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді.  

«Nur Otan» партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайыновалар  партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталып, еліміздің басты қадірлі де қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның басшысы Сергей Кистин тәуелсіздікті еңсерген жылдардағы жетістіктер мен кәсіпкерлік бағытына ерекше көңіл бөліп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен қолдауға назар аудартты. Ол кәсіпкерлердің дамуы үшін біздің нарыққа ең алдымен білімді, бәсекеге қабілетті жастар мен сапалы шикізатқа көңіл аудару қажеттігін атап өтті. Ол тәжірибенсіне сүйене отырып,  халықтың жақсы өмір сүруі үшін жұмыс орындарын ашу да кәсіпкерлердің алдында тұрған міндеттердің бірі екендігіне тоқталды.

Сайлауалды бағдарламаларын насихаттау барысында жол-көлік қатынастары жайлы, бұл саладағы мемлекеттік қолдаудың шапағаты туралы Роза Арыстанқызы мен Әсия Шәрімова кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, пандемия кезіндегі туындаған карантиндік шектеулер кезіндегі теміржол қозғалысының тоқтатылмағаны, бұл саланың ерекшеліктері жайында сөз қозғады. Бұған қоса, олар мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің салықтан босатылғаны, несиесін уақытша тоқтату секілді жеңілдіктер жасалғаны жайлы біраз ойларды ортаға салды. Мұндай жеңілдіктер коронавирус пандемсиясы кезінде кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен бірге қарапайым халыққа да көрсетіліп жатқаны анық мысалдармен келтірілді. Соның ішінде партия тарапынан Елбасының бастамасымен жер-жерде қор құрылып, «Біз біргеміз» акциясының ұйымдастырылғаны, аталған қордан  көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алып отырған зейнеткерлерге,  мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға азық-түлік және қаржылық қолдау жасалғаны белгілі. Бұл орайда, облыста 30 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілгені айтылды.

Сонымен бірге, кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

Болашақ халық қалалаулылары тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты түсіндірген соң, 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына шақырды. «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге келулерін сұрады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...