Сенбі, Сәуір 20, 2024
25.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANATКөкшетау спортшыларына референдумның маңызы түсіндірілді

Көкшетау спортшыларына референдумның маңызы түсіндірілді

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова референдумды қолдау бойынша құрылған штаб мүшесі Аманай Сейтқасымовпен Көкшетау қаласының спортшыларымен кездесіп, Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндірді.

«Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде осымен екінші мәрте өткізілгелі отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты жүзеге асуының дәлелі»,- деп атап өтті өңірлік штаб мүшесі, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова.

Яғни, 5-маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-іне өзгерістер енгізілетін болады. Бұл дегеніміз Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Тарихшы Аманай Асылбайұлы референдумды қолдау бойынша құрылған қалалық штабтың мүшесі ретінде спортшыларға референдумға қатысудың маңыздылығы туралы жақсылап түсіндіріп берді.

«Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр»,- деді өз сөзінде Аманай Асылбайұлы.

Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде кездесуге қатысқан Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, бокстан спорт шебері Мөлдір Базарбаева референдумға міндетті түрде қатысатынын жеткізді. Айта кетейік, Мөлдір Базарбаева ҚР Конституциясының құрдасы болып табылады.

«Шынымды айтсам, референдумның не екенін, оны өткізудің маңыздылығын енді ғана түсініп отырмын. Бүгін барлық спортшыларды жинап, бізге референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Құқықтық жүйенің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайтынын айтып, оның пайдасы түсіндірілді. Бұл азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқандықтан біз оған қатысуымыз керек деп түсіндім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам құру бағытында жақсы бастамаларды қолға алып отырғанына көзім жетіп отыр. Ол халқымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі үшін жағдай жасап жатыр деп ойлаймын. Сондықтан референдумға қатысып, өз дауысымды беремін! Себебі, мен Қазақстанның жарқын болашағына сенемін! »

#ReferendumAMANAT

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...