Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда көшедегі есірткі жарнамасы бар граффити жойылуда

Көкшетауда көшедегі есірткі жарнамасы бар граффити жойылуда

«Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының еріктілері полицейлермен бірге көшеде есірткі жарнамасын анықтау және жою мақсатында Көкшетау көшелерін аралауда,

2022 ж. 7 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеу қарсаңында ақмолалық полицейлер, еріктілер және «Жизненный путь» ҚҚ қоғамдық қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» есірткіге қарсы акциясына қатысты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ювеналдық полиция бөлімімен бірлесіп еріктілерді тарта отырып, тұрақты негізде осындай іс-шаралар өткізеді, оның барысында облыс орталығының көшелері мен шағын аудандары араланып, есірткі сайттарына сілтемелер анықталып жойылады.

«Автогородок» ауданындағы Мир көшесіндегі үйлерді аралау, подъездер, үй маңындағы аумақты мұқият тексеру нәтижесінде есірткі сайттарын жарнамалайтын 10-ға жуық жазба анықталып, боялды.

«Сілтемелердің белсенді болмауы қуантады, яғни олар бұғатталған, ал олардың аз саны жарнаманың бұл түрінің өзекті болуын тоқтататынын куәландырады», – деп атап өтті облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Рәзия Курсанова.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...