-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауКөкшетауда кәсіпкерлік қанат жайып келеді

Көкшетауда кәсіпкерлік қанат жайып келеді

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өз кәсібін дамытуға мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің бизнес нысандары бойынша баспасөз турын өткізді.

2020 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасын іске  асыру шеңберінде Ақмола облысындағы кәсіпорындарға жалпы сомасы  6,6 млрд теңгеге (88 жоба)  пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылық қолдау көрсетті. Қордың кепілділігін жалпы сомасы 2,7 млрд теңге көлемінде кәсіпкерлердің 52 жобасы иеленді.  

Жеңілдікпен несие алған компаниялардың қатарында  дайын металнлпластик бұйымдарын өндіретін  «ЕвропластFirst» ЖШС, астықты қабылдау мен жинағаннан кейін өңдеу компаниясы «Agrimer-Astyk» ЖШС мен стоматологиялық қызмет көрсететін клиника  «М.GES» ЖШС бар.  

 ШОБ несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту мүмкіндігі ұсынылған пайыздық мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау шарттары бойынша Ақмола облысындағы кәсіпорындар өнім өндірісі мен қызмет көрсету шоғырын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жабдықтар сатып алды.

2020 жылғы мамыр айында Көкшетау қ.   балаларға арналған алғашқы стоматологиялық клиника – «М.GES» ЖШС компаниясы ашылды. Медицина мекемесі стоматологиялық қызметтің кең шоғырын ұсынады.

«Ғимаратты біз «Көкшетау-Бизнес» аймақтық бағдарламасы шеңберінде несие8лік қаражатқа сатып алды. «Халық Банк» АҚ арқылы біз несиелендіруге өтініш бердік. 8,5% жылдық мөлшерлемемен 7 жыл мерзімге 35 млн теңге сомасына несие алдық. Сондай-ақ, «Даму» Қорының «Еңбек» мемлекттік бағдарламасы шеңберінде 6% жылдық мөлшерлемемен 16 млн теңге сомасына жабдықтар сатып алдық», – деп тәжірибесімен бөлісті компания басшысы   Ғалия ЕСКЕНДІРОВА.  

Көкшетау элеваторының базасында негізі қаланған  «Agrimer-Astyk» ЖШС Қазақстан нарығында 17 жылдан  астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын астық қабылдау мен жинағаннан кейінгі өңдеуді – кептіру, тазалау, сақтау, астықтың жуынды-шайынды және тауарлық топтамасын дайындау, қатты және жұмсақ арпаны өңдеу, автокөлікке және т/ж көлігіне тиеу сынды жұмыстарды жүзеге асырады. Кәсіпорын қуаты 104 мың тоннаны және қоймалық сыйымдылығы 81 мың тоннаны құрайтын қуатты элеваторға ие. Кәсіпорынға түскен астықтың сапасы барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған астық  зертханасында анықталады.

2010 жылы компания май дақылдарын өңдеу бойынша зауытты эксплуатациялауға іске көшті, өңдеу қуаты арада 3 жыл өткен соң жылына 30 000 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.  2012 жылы  соя экструдатын өндіретін зауыт, ал 2018 жылы семолина (макарон өнімдерін өндіруге арналған дақыл) өндіретін зауыт эксплуатацияға берілді.   

«2019 жылы желтоқсан айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде біздің компания семолина өндірісінің қызметін кеңейту үшін  «ForteBank» АҚ 3 жыл мерзімге 14% жылдық мөлшерлемемен  900 млн. теңге сомасына несие алдық. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың арқасында біздің компания 7% жылдық мөлшерлемені төлейді, ал  қалғаннын «Даму» Қоры өтейді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры 180 млн. теңге сомасына несие бойынша кепілдеме ұсынып отыр», – деп атап өтті ұйым басшысы   Николай КАЗАК.

  «ЕвропластFirst» ЖШС 2001 жылдан бастап дайын металлпластик бұйымдарын өндіреді. Кәсіпорын жарықөткізгіш конструкциялар өндіретін қазақстандық өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады. Кәсіпорын бұйымның кең желісін: металлпластик және алюминий терезелер, есіктер, витраждар, арақабырғалықтар, керме төбелер, автоматты қақпалар, шлагбаумдар өндіреді.

2019 жылы маусым айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде компания Көкшетау қ. жабдықтар сатып алуға, өндірістік базаны жөндеуге, сондай-ақ, электрстанциясын сатып алу мен орнату үшін «АТФ Банк» АҚ 7 жыл мерзімге   14,95% жылдық мөлшерлемемен 85 млн. теңге сомасына несие алды. «Даму» Қоры өз кезегінде бағдарлама аясында  8,95% жылдық мөлшерлемені жабатын несие бойынша субсидиялауды ұсынды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

www.damu.kz

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости