14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауКөкшетауда кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Көкшетауда кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Көкшетау қаласында Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 68,1 миллион теңге болатын 104,3 тоннаға жуық өнім әкелді. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 24,7 тонна ет және шұжық өнімі, 3,4 тонна балық, 7,3 тонна сүт және сүт өнімі, 272 дана жұмыртқа, 5,1 тоннадан астам ұн, 4 тонна өсімдік майы, 58,8 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар.

Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

«Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сөрелерінде күнбағыс майының литрі 390 теңге, тазаланған күрштің келісі 280 теңге, қарақұмық жармасының келісі 267 теңге, қанттың келісі 200 теңге, бірінші сортты ұнның келісі 110 теңге, жоғары сортты ұнның екі келісі 500 теңгеден сатылды.⠀

Павильондарда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің, ұлттық сараптама орталығының мамандары азық-түліктерден сынама алып тексерді. Сондай-ақ, сатушылар мен тұтынушылар тарапынан санитарлық талаптардың сақталуына назар аударды.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости