15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықКөкшетауда «Ұлы Даланың ұлы Тілі» атты онлайн бейнеконференция өтті

Көкшетауда «Ұлы Даланың ұлы Тілі» атты онлайн бейнеконференция өтті

Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі ұйымдастырған «Ұлы Даланың ұлы Тілі» атты онлайн бейнеконференцияға Түркия, Англия, Польша, Нигерия елдеріндегі этникалық қазақтар, сондай-ақ, Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысындағы «Ата-Мекен» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде «Ата-Мекен» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәрсенғали Құспанов тіл – бұл ұлттың мақтанышы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бейнеконференцияға Түркияның Анкара қаласындағы Gazi Üniversitesi студенті Балауса Балшық, Нигерия мемлекетінің тұрғыны, тіл маманы Абдулл Керим және Польша тұрғыны Лашын Тұрапбаев өздерінің пікірлерін білдірді.

Онлайн бейнеконференцияға қатысушылар тілдің адамзаттың байлығы, өнер, мәдениет және ғылымда тіл арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы айтылды.

Шара барысында «Тіл халық қазынасы» атты көрме, интерактивті тақтада «Тілім – менің өзегім» бейнеролик,  Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсыновтың тілге қатысты айтқан мәнді де, мағыналы сөздері ұсынылды.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости