Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда Қостанай облысында өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Көкшетауда Қостанай облысында өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Бүгін Көкшетауда Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғысын білдіре отырып, ақмолалықтар алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жіберіп, отпен күресу үшін қосымша күш жібергенін атап өтті.

«Қостанай облысының тұрғындарын құтқаруға және елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ақмола облысынан 60 өрт сөндіруші мен 8 техника, сондай-ақ МИ-8 тікұшақ техникасы жұмылдырылды. Өрттерді сөндіру кезінде біздің құтқарушылар 2 мыңға жуық адамды эвакуациялады, 6 елді мекенді – Аманқарағай, Әулиекөл, Лесное, Бағаналы, Озерное және Қазанбасы ауылдарын құтқарды, сондай-ақ орманды дала алқаптарын сөндіруге қатысқан», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Зеренді ауданындағы өртті жою кезінде азаматтық қорғау органдарының жедел жұмысын атап өтті.

Көкшетау қаласы Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, Щучинск қаласы жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен +36 градус қатты ыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келесі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, Ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...