19.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Tuesday, August 16, 2022
19.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықКөкшетауда қостанайлық екі әйел интимдік қызмет ұсынған

Көкшетауда қостанайлық екі әйел интимдік қызмет ұсынған

Көлік полицейлері “Стоп-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Көкшетау станциясындағы теміржол вокзалы аумағында клиенттерге интимдік қызмет ұсынған екі әйелді анықтап, ұстады. Бұл туралы koliktegi_pd жарияланды.

“Тексеру барысында құқықбұзушылардың Қостанай облысының 1996 жылы туған тұрғындары екендігі анықталды. Олар Көкшетау қаласына интимдік қызмет көрсету жолымен ақша табу мақсатында келгендерін айтты. Бұдан соң олар дактилоскопияландырылып, тиісті есепке қойылды.Тексеру жүргізілуде.”, – делінген koliktegi_pd.

Еске сала кетейік, жезөкшелікпен, жеңгетайлықпен айналысу, адам саудасымен айналысу фактілеріне жол бермеу, сонымен бірге адам ұрлау, олардың бас бостандығынан айырып, күш қолдану фактілеріне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 10-12 қыркүйек аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара аясында 10 адам анықталып, есепке қойылды.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости