Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
21.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыКөкшетауда ветеринарлық инспектор пара алды деген күдікке ілінді

Көкшетауда ветеринарлық инспектор пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Көкшетау қаласының мемлекеттік санитариялық инспекторларының біріне қатысты қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде енгізілген ұсынуды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекеттік қызметші міндетті тауарға ілеспе және рұқсат беру құжаттамасынсыз базар аумағында етті кедергісіз сатқаны үшін кәсіпкерден пара алғаны анықталды.

Жоғары тұрған басшылықтың тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, ветеринария саласындағы заңнаманың және басқа да нормативтік актілердің талаптарын толық елемеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің болмауы осы сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал етті.

Айта кету керек, жақында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының, сондай-ақ Көкшетау және Степногорск қалалық ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекцияларының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер шеңберінде ұсынулар қаралды.

Кездесу барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметшілерге өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы айтып берді.

«Енді ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды. Сондай-ақ, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандар үшін бірден жазасын өтеу мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар үшін жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігін де еске саламын. Өздеріңіз көріп отырғандай, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін заңнамалық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылды күшейту бойынша пәрменді шаралар қабылдануда, сондықтан ветеринариялық бақылау қызметтерінің басшылығын өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмысты мүлтіксіз қамтамасыз етуге шақырамын», – деді Мұрат Төлеубаев.

Динара НҰРТАЗ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігі

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...