Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетаулықтар жаңарған көшенің сұрқын бұзып тұрған дүкенді алып тастауды талап етуде

Көкшетаулықтар жаңарған көшенің сұрқын бұзып тұрған дүкенді алып тастауды талап етуде

Биылғы жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отырған «Қазақстан-Ресей» ынтымақтастық форумы қарсаңында Көкшетау қаласында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инженерлік коммуникация, қалаішілік жолдардың ескісі жаңартылып, жаңасы салынуда. Әсіресе, «Көктем» шағын ауданында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қала тұрғындарының көңілінен шығады.

«Васильковка» мен «Көктем» шағын аудандарының ортасынан өтіп, «Сарыарқа» шағын ауданына апаратын күре жол жаңадан төселіп жатыр. Мұнда жаяулар мен велосипед жолдары қарастырылған. Бұл жердегі құрылыс жұмыстары мен сәулет жобасы көрген адамның көзі сүйсіндіреді. Тек, бір әттегені-ай, ол осы жаңарған көшенің сәнін бұзып тұрған  «Аида» дүкені дер едік. Тұрғындар жүріп тұруға кедергі әрі көзге күйік дүкеннің жолдың қақ ортасында тұрғанына наразылық білдіруде.

«Бұл жерде «Девчата» асханасы мен дүкені болды. Жолдың ортасында тұрғандықтан асхана тұрғындардың жүріп тұруына кедергі келтірді. Жаңа жол салатын болған соң оны бұзып алып тастады.  Ойлаған едік, е дұрыс болды деп. Алайда, жол салынған соң бұл жерге қайтадан «Аида» дүкені ашылды. Тура велосипед жолының бойында. Мүлдем ыңайсыз, әрі көшенің сәнін кетіріп тұр. Сондықтан, қала басшылығы бұл дүкенді басқа жерге көшірсе екен»,  – дейді қала тұрғындары.

Автор: Боранбай КӨМЕКЕЙ.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...