Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.1 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградКандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

Кандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербныйдың Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысы сапары өз жалғасын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Басты мақсат – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. Бұл кездесудің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.

Осы орайда аудандағы ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болған кандидат П.Н. Безвербный сайлауалды бағдарламасының ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын атап өтті.

Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы мүгедектер Асатрян Арам Варамовичпен Ковальчук Анастасия Андреевнаның және 2 топтағы мүгедек жан Хайбуллов Мансур Минзарифовичтің үйінде болып жүздесіп қайтты.

Канвассинг – кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өңірдегі игі шараларды да жеткізіп, оларды мазалайтын мәселелерін де түртіп алды.

Сайлауалды бағдарламаның бағыттары қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Кездесу аясында тұрғындар өз шаңырақтарында қонақта болғанына зор құрметке ие болғандарын да жасырмады. Әсіресе кандидатпен пікір алмасып, келелі әңгімелесудің сәтті болғанын жеткізіп, өз сұрақтарына тұщымды жауабын алды.

Кандидат Павел Николаевич өз тарапынан аудан тұрғындарына 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясынын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...