Жұма, Сәуір 19, 2024
22.2 C
Kokshetau
22 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградКандидат канвассинг кездесуінде

Кандидат канвассинг кездесуінде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәжілісі депутаттығына үміткер Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. «Кандидат қонақта» кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.

Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Мади Сағынтайұлы Ақмол ауылының тұрғыны зейнеткер Күлшара Дүйсенқызының үйінде болып қайтты. Күлшара Дүйсенқызы «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толатындығын айтып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке шақырды.

Кандидат келелі кездесуде Күлшара Дүйсенқызының еңбек жолымен танысып, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында игі істерді атап өтті. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап берді.
Кездесу соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...