24.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, August 13, 2022
24.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӘЛЕМКоронавирус: Италия үкіметі комендант сағатын енгізеді

Коронавирус: Италия үкіметі комендант сағатын енгізеді

Италия үкіметі COVID-19 жұқтырушылар санының артуына байланысты ел аумағында екінші қатаң карантин режімін енгізеді. Ол бүгінгі күннен бастап 2020 жылғы 3 желтоқсанға дейін қолданыста болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Карантин аясында Италия қалаларында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-ден бастап таңғы 05:00-ге дейін комендант сағаты жарияланады. Мектеп автобустарын қоспағанда қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 50% -дан көп болмауы керек. Үкіметтің қаулысына сәйкес круиздер де тоқтатылады. Елде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға арналған басқа шаралар қатарында орта мектептерде қашықтан оқыту, демалыс күндері мұражайлар мен сауда орталықтарын жабу да бар. Бұдан әрі шаралар жергілікті жерлерде кем дегенде екі аптаның ішінде аймақтармен келісе отырып қабылданады, делінген Италия үкіметінің қаулысында.

Нақты сандарға келетін болсақ, Италияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағат ішінде елде COVID-19 жұқтырудың 30 550 жаңа жағдайы тіркелген. Коронавирустан Италияда тағы 353 адам көз жұмған. Елде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың жалпы саны 39 764 адам. Италияның денсаулық сақтау министрлігінің кеңесшісі Жованни Рецца COVID-19 инфекциясы жұқтыру, сондай-ақ өлім жағдайларында тұрақтылық бар екенін, бірақ олардың саны әлі де жоғары екенін атап өтті.


Дереккөз: ҚазАқпарат

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости